Елде коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны қаншаға жетті?

Елде коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны қаншаға жетті?
Сурет: Pervaya.kz

Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғандар саны 9,5 млн-ға жуықтады.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елдегі COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алушылар санына қатысты ақпаратты толықтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 15 наурыздағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның 1-ші компонентін 9 429 301 адам, 2-ші компонентін 9 086 602 адам салдырды. 

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакциналау бойынша ақпарат

2022 жылғы 15 наурыздағы мәлімет бойынша, Pfizer вакцинасының  І компонентімен 753 094 жасөспірім, 34 388 жүкті әйел, 119 196 бала емізетін әйел егілген. Ал ІІ компонентін 597 972 жасөспірім, 26 384 жүкті әйел, 90 834 бала емізетін әйел салдырған.