Екпе алу бойынша Қазақстан 208 елдің ішінде 103-орында

Екпе алу бойынша Қазақстан 208 елдің ішінде 103-орында
ru.sputnik.kz

Елімізде тамыз айынан бері коронавирус жұқтыру жағдайлары 16 есеге төмендеді

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайғанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Республикада оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 984 079 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 732 жағдайы тіркелді, науқастардың 96%-дан астамы сауығып шықты. 18 852 науқас емдеуді жалғастыруда. Жалпы, Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану 16 есеге төмендеді», - деді Жандос Бүркітбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында. Оның айтуынша, тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады және репродуктивтілік саны 0,9 құрайды. «Инфекциялық және реанимациялық төсектердің пайдаланылуы 19%-ды көрсетті, соңғы үш айда емдеуді жалғастыратын адамдар саны 4,5 есеге азайды (қыркүйек айындағы 84 268-ден желтоқсан айында 18 852 науқасқа дейін)», - деді Ж. Бүркітбаев.

Әлем елдері бойынша, Қазақстан КВИ-ге қарсы вакциналау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында тұр.