Екі күнде 103 шетел азаматы ұсталды

Екі күнде 103 шетел азаматы ұсталды
Сурет: polisia.kz

13 адам жауапқа тартылды

Алматыда екі күнде елде заңсыз жүрген 103 шетел азаматы ұсталды. Оның ішінде 10-нан аса адам жауапқа тартылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 50 шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған. 13 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 39 шетелдік азаматқа қатысты тексеріс жалғасып жатыр.

Алматыда 1 наурыздан бастап қалалық ПД көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатындағы іс-шарасын жүргізіп келеді.