Дәулеткелдінің зор табысы

Дәулеткелдінің зор табысы
Olympic.kz

Токио олимпиадасында садақ тартудан ерлер арасындағы жеке сында Ильфат Абдулин шешуші кезеңге дейін жетіп, жаңа белес белгіледі. Ендігі жерде қазақтың табиғатына тән өнерде үлкен серпіліс болады деп сенеміз. Соның алғашқы нәтижесі де көріне бастаған сияқты.

Садақ тартудан Вроцлавта (Польша) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай ұлдар арасында жекелей сында IV орын алды. Бұл туралы Olympic.kz порталы хабарлайды.

Д.Жаңбырбай әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Ол финал жолдамасы үшін норвегиялық Людвиг Хенриксенмен кездесіп, 2:6 есебімен жол берді. Ал жарыстың кіші финалында үндістандық Бишал Чангмайға жол беріп, әлем біріншілігін үздік төрттікте аяқтады.