Дзюдодан Азия кубогінде еліміздің жас дзюдошы қыздары үш қола жүлдені жеңіп алды

Дзюдодан Азия кубогінде еліміздің жас дзюдошы қыздары үш қола жүлдені жеңіп алды
Сурет: Olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан жастар арасында Азия кубогі мәресіне жетті.

 Қазақстан жастар қыздар құрамасы аталған құрлықтық бәсекені үш қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Ұлдана Үсейн (57 келі), Самалай Ерғалиева (63 келі) және Қымбат Сейтмаханбет (+78 келі) жарыста үздік үштік қатарынан көрінді.