Дзюдодан ардагерлер құрамасы Әбу-Дабиде үшінші орынға ие болды

Дзюдодан ардагерлер құрамасы Әбу-Дабиде үшінші орынға ие болды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әбу-Дабиде ардагерлер арасында дзюдодан әлем чемпионатына алматылықтар да қатысты.

Әбу-Дабиде ардагерлер арасында дзюдодан әлемдік біріншілік аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұйымдастырушы - Халықаралық дзюдо федерациясы.  Қазақстандықтар әлемнің 64 командасы арасында жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды.

АҚШ, Бразилия, Жапония, Корея және т.б елдерден 1000 - нан астам ардагер спортшылар қатысты. Бұл жарысқа барып-келген  екі  алматылық- Марат Мырзалиев және Серік Мәметиязовпен сөйлесу мүмкіндігі туды.

Марат - 63 жаста, Серік - 48 жаста. Олар Қазақстанда жыл сайын ардагерлер арасында жас бойынша дзюдодан біріншілік өткізілетінін айтты. Жүлдегерлер әлем чемпионатына қатыса алады. Дзюдода ардагерлер жарысына 35 жастан бастап рұқсат етіледі. Сондай - ақ, салмақ пен жас бойынша бөлінеді - 45-49 жас, 50-54, 60-65, 66-73, 74-80, 81-85.

Марат өзінің қазіргі спортшы және жаттықтырушы екенін айтты. Ол «Do star» клубын құрған, онда қаланың дзюдо ардагерлері жиналады. Клуб Байзақов-Шевченкода орналасқан спорт мектебінің залын өз есебінен жалға алады. Аптасына 5 күн жаттығады. Жексенбіде-Медеуде кросс-жүгіру, немесе футбол, баскетбол, бассейн өтеді. Әбу - Дабиде Қазақстан құрамасында 20 алматылық болды. Олар абыроймен өнер көрсетті. Бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.  Алтын медаль - Айтымов Насреддинде, күміс-Мәметиязов Серік және қола-Мырзалиев Марат пен Қоңырбаев Жәнібекке бұйырды.

Қазақстанның басқа қалаларынан да құрама дзюдошылары лайықты өнер көрсетті. Күрес залында еліміздің әнұраны сегіз рет шырқалды. Соңғы күнге дейін біздің ерлер командасы бірінші орында болды. Жалпы командалық есепте ерлер мен әйелдер командаларының қатысуы ескерілді.  Бізде әйелдер командасы болған жоқ. Француз әйелдері 3 медаль жеңіп алды және Франция құрамасы жалпы командалық есепте бірінші болды. Бразилия құрамасы екінші, Қазақстан үшінші орынға ие болды.  64 команданың ішінде бұл - тамаша нәтиже, спортшылар Қазақстанды лайықты түрде таныстырды.

Ардагер дзюдошылар - Марат пен Серік ағаларымыз өз қаражаттарына зал жалдап, онда балаларды тегін жаттықтырады. Дегенмен ардагер спортшылар жоғары жақтан, министрлік тарыпынан өздеріне қолдау, демеушілік жоғын айтып,қынжылады. Ел атын сыртта таныстырып жүрген спортшылар осы жағына көңіл бөлінсе деп тілейді.