Доллар тағы төмендеді

Доллар тағы төмендеді
Сурет: интернеттен

АҚШ валютасы 1,56 теңгеге арзандаған.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа бағамы 460,17 теңге болды , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Доллардың 25 тамыздағы ресми бағамы бір доллар үшін 462,04 теңге болған.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 459,65 теңге, сату - 462,81 теңге. Ал, Астанада америкалық валютаны орта есеппен 458,71 теңгеден сатып алып, 462,90 теңгеден сатады.