Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 13 қарашаға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 467,90 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,08 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467– 471 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 467,5– 471 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,97 – 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 10 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 467,86 теңге болған.