Доллар құбылып тұр

Доллар  құбылып тұр
almaty-akshamy.kz

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 20 маусымға арналған бағамын белгіледі

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 447,15 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,33 теңге.

19 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,29 теңгеге төмендеп, 447, 37 теңге болған.

Ресей валютасы 5,32 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447 – 451 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 447,5– 450,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,19 – 5,43 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада көрші ел валютасы 5, 26 – 5,36 теңгеден саудаланып жатыр.