Димаштың бастамасы қызу қолдау тапты

Димаштың бастамасы қызу қолдау тапты
24 kz

Әнші Димаш Құдайбергеннің Абайдың туған күніне арнап жариялаған челленджін әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жанкүйерлері қызу қолдап кетті, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

Бірнеше сағаттың ішінде жүздеген адам AbayChallenge хештегімен  бейне жазбаларын жариялады.

Отандастарымызбен қатар, Испания, Италия, Эстония, Аргентина елдерінің тұрғындары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін өз тілдерінде оқып жарысты. Димаш Ұлы ақынның туған күні қарсаңында  әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы челендж жариялағанын жеткізген болатын.

Оған қатысу үшін ақынның кез келген шығармасынан үзінді оқып, AbayChallenge хештегімен видео жариялау керек.