Әл-Фараби даңғылының келесі бөліктерінде жөндеу басталады

Әл-Фараби даңғылының келесі бөліктерінде жөндеу басталады
almaty-akshamy.kz

Әл-Фараби даңғылын орташа жөндеу жұмыстарын бекітілген уақытынан ерте аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Қаладағы негізгі даңғылдардың бірінде көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жұмыстар толығымен аяқталып, солтүстік бетінде Достық даңғылынан Гагарин даңғылына дейін жөнделген болатын. Енді 9 тамыз 23-00-ден 11 тамыз 07-00 аралығында даңғылдың Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы толығымен шектеледі. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында орташа жөндеу кезінде келесі шаралар қолданылады:
- 10 тамыз сағ. 07-00 мен сағ.24-00 аралығында Гагарин даңғылынан Дулати даңғылына дейін оңтүстік бетінде реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады; 
- қараңғы уақытта жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін  11 тамыз сағ. 00-00 мен 07-00 аралығында батыс бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі; 
- 9 тамыз сағ 23-00 мен 11 тамыз сағ.7-00 аралығында Розыбакиев көшесінен батыс бағытта бұрылыс, Әл-Фараби даңғылынан Науаи көшесіне солтүстік бағытта бұрылыста көлік қозғалысы шектеледі. Жөндеу жұмыстарын Торайғыров, Науаи жіне Мұстафин көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Реверсивті көлік қозғалысы кезінде жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілер қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленеді. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады. 

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Алматы қ. қалалық мобильділік басқармасы