Жетісу ауданында 3 мектепке қосымша құрылыс салу жұмыстары жүргізілуде

Жетісу ауданында 3 мектепке қосымша құрылыс салу  жұмыстары жүргізілуде
Сурет: Almaty.tv

Жұмыстар келесі оқу жылының басында аяқталады.

Аудан мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында 3 мектепке қосымша құрылыс салу  жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы қыркүйек айында №148 мектепте 300 орындық қосымша құрылыс салу басталды. Сондай-ақ, қазан айында №101 мектептің акт залын салу басталды, ол да 2023 жылдың тамыз айында аяқталады.

Биылғы қазан айында №112 мектепке 300 орындық, №103 мектепке 200 орындық қосымша құрылыс салу жобаларына сараптама қорытындысы алынды, құрылысын
2023 жылдың І-ші тоқсанында бастау жоспарланған.

Осы қараша айында №129 мектепте сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қазан айында № 80 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды, жұмыстар 2023 жылдың ІV-ші тоқсанында аяқталады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту мақсатында 440 орындық 2 балабақшаның құрылыс-монтаждау және жобалау жұмыстары жүргізілуде.

«Айнабұлақ-4» шағын ауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Құрылысы келесі жылдың маусым айында аяқталады.

Осы жылдың маусым айында жеке меншікте болған екі қабатты әкімшілік ғимарат сатып алынды. Қазіргі уақытта  280 орындық балабақшаны күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау желтоқсанда аяқталып, құрылысы 2023 жылдың I-ші тоқсанында басталады. Бұл мектепке дейінгі мекемеге Ратушный-Қазыбаев-Серіков-Рысқұлов көшелерінде тұратын балалар бара алады.