Димаш Құдайберген 20 отбасыға 20 млн теңге аударды

Димаш Құдайберген  20 отбасыға 20 млн теңге аударды
almaty-akshamy.kz

Танымал әнші Димаш Құдайберген  Қарағанды облысы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің кәмелет жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 млн теңге аударды. Бұл туралы Бауыржан Бабажанұлы өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz

Кеше Димаш Құдайберген сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 млн теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарластым. Ол растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай. Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой, – деп жазды белгілі ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы Facebook-тегі парақшасында.