Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Алматыға келді

Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Алматыға келді
Сурет: Gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін Алматыға жұмыс сапары барысында қалалық жедел жәрдем ауруханасында емделіп жатқан ірі өрт кезінде зардап шегушіге барды. Пациент тұрақты күйде, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Бұдан әрі ведомство басшысы тәулік бойы және күндізгі стационардың 500 –ден астам төсегіне есептелген орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысымен танысты, оның ішінде 20 бейін бойынша 24 клиникалық бөлімше жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі сайтының хабарлауынша, ОҚКА базасында А. Ғиният мегаполистің стационарлары мен емханаларының бас дәрігерлерімен кездесу өткізді, онда медициналық көмек көрсету сапасы, кадрлармен қамтамасыз ету, медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттарын сақтау, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдары бойынша бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Министр медициналық көмектің қолжетімділігін мен сапасын арттыру және Алматы қаласы халқының қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу қажеттігін айтты, осы бағыттың шеңберінде ол осы жерде және қазір өтініштерді шешу мақсатында кадр құрамын тексере отырып, пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысын жандандыруды тапсырды.

Кадрлық жұмыс бөлігінде жас мамандардың біліктілігін үздіксіз арттырумен айналысу, бейінді ғылыми орталықтармен өзара іс-қимылды күшейту, әдіснамалық және практикалық көмек бөлігінде ұсынылды.

Дәрігерлермен диалог барысында министр фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ету мақсатында меншік нысанына қарамастан, тиісті дәріханалық практика стандарттарын енгізудің маңыздылығын атап өтті.

 Қызылша бойынша күрделі эпидемилогиялық жағдайды ескере отырып, министр Алматы қаласының балалар халқының гепатит, көкжөтел, полиемелит сияқты аурулар бойынша егу мәртебесіне мониторинг жүргізуді тапсырды.  

Содан кейін клиникалық аурухана қабырғасында министрдің ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі жалғасты, онда ол азаматтық белсенділердің көптеген сұрақтарына жауап берді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы осы бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі туралы сынға жауап бере отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді медициналық көмекті жетілдіру мәселелерін орындау бойынша түсініктеме берді.

Қоғам белсенділері орфандық аурулары бар пациенттердің тізілімін құру мәселелерін көтерді, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесін қайта қарау қажеттілігі, паллиативтік көмек сапасы туралы айтты. 

А. Ғиният әр сұраққа толық жауап берді, кейбір жүйелік мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге талдау жасауды және оларды шешу үшін шаралар ұсынуды тапсырды.  

Министр қала тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде қала деңгейінде денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттары бойынша қол жеткізілген нәтижелер туралы айтты.  Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті Алматының 2,2 млн. тұрғыны 75 МСАК ұйымында алады, оның 77%-ы 40 мемлекеттік емханада және 22%-ы 33 жеке клиникада, барлығы 1%-ы екі ведомстволық ұйымда қызмет көрсетеді. Емханаларда динамикалық бақылауда 200 мыңға жуық адам тұр, оның ішінде 59 мың пациент ауруларды басқару бағдарламаларына қатысады.

 Жүрек ауруы бар пациенттерге бейінді көмек көрсету үшін Алматы қаласында 332 кардиохирургиялық төсек, оның ішінде 281 ересек және 51 бала, 581 кардиологиялық төсек, оның ішінде 563 ересек және 18 бала, 73 интервенциялық кардиологиялық төсек орналастырылды.

Алматы қаласында 6 ТКА-орталық жұмыс істейді: 3 үшінші деңгей - қалалық кардиологиялық орталық, орталық клиникалық аурухана, «Хирургия институты» ЖШС MEDITTERA клиникасы. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қала тұрғындарына 1 785 ашық жүрекке операция жасалды, оның 580-і (32,5%) – аортокоронарлық шунттау, 584-і (32,7%) - жүре пайда болған жүрек ақаулары кезіндегі операциялар, 247-і (13,8%) - туа біткен жүрек ақаулары кезіндегі операциялар.

Алматы қаласы бойынша онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында сүт безі обыры тұр (14,5%), екіншісінде – колоректалдық обыр (8,8%), үшіншісінде – өкпе обыры (5,8%). Есепте 31 196 онкологиялық пациент тұр, биылғы жылы өсім 8,0%-ға артты.

Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 2023 жылдың 9 айында 3,6% - ға төмендеді. Өлімнің құрылымында бірінші орында - өкпе обыры (13,6%), екінші орында – колоректалдық обыр (13,5%), үшінші орында - сүт безі обыры (11,2%).

Жарақаттардан уланудан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім көрсеткіші бойынша Алматы қаласы 100 мың тұрғынға шаққанда 31,8 көрсеткіші бар «жасыл» аймақта қалады.

ҚР ДСМ ШМҮҰО деректері бойынша жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың барлық түрлері бойынша шақырулар саны 2023 жылдың 9 айында 102 360 ( 2022ж. – 89 404), өсім 14%-ды  құрады. Қала бойынша ЖКО орнына жетудің орташа уақыты 10 минутты құрады. Травматологиядағы хирургиялық белсенділік қала бойынша 89,4%-ды құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 17,3% - ға жоғары. 

Жұртшылық өкілдерін жеке клиникалардағы медициналық қызмет көрсетудің қауіпсіздігі, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізіміндегі препараттардың сапасы, қызылшамен сырқаттанушылықтың өсу себептері және халықты инфекциялардан иммунизациялауды күшейту жөніндегі шаралар толғандырды.

Кездесу барысында ведомство басшысы өңір тұрғындарының, белсенділерінің сұрақтары мен өтініштеріне толық жауап берді.

Содан кейін министр азаматтардың жеке қабылдауын өткізді, онда балаларға медициналық көмек көрсетуге, атап айтқанда есту аппаратын имплантаттау операциясын жүргізуге, мүгедектігі бар адамдар үшін консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігіне, қаланың стоматологиялық клиникаларының жұмысына шағымдар және т.б. қатысты өтініштер қаралды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы әрбір өтініш бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді, кейбір күрделі жағдайларды талдап, бейінді департаменттердің басшыларына, жергілікті атқарушы органдардың мамандарына көмектесуді тапсырды.

Бұдан әрі А. Ғиният брифинг барысында жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап берді, онда денсаулық сақтау саласындағы іске асырылып жатқан жобалар және елдегі медициналық көмекті жақсарту жөніндегі ведомствоның міндеттері туралы айтты. Мәселен, қалалық ауруханалардың көптігі туралы сұраққа ведомство басшысы Алатау ауданында 500 төсектік перинаталдық орталығы бар көпбейінді аурухана салу, заманауи жабдықтармен жарақтандырылатын жаңа онкологиялық орталық салу жөніндегі әкімдіктің жоспарлары туралы айтып берді. Келесі жылы министрдің айтуынша, инфекциялық аурулар жөніндегі үлкен ғылыми орталық пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесу өткізді, оның барысында олар еліміздің ірі мегаполисінің қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.