Демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болмақ?

Демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болмақ?
Сурет: Zakon.kz

«Қазгидромет» синоптиктері 17-19 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстан аумағында оңтүстік циклон және атмосфералық фронт ауа райына әсер етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 18 маусымда батыста, 18-19 маусымда республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Тәуліктік ауа температурасы батыста 20-28 градусқа дейін, солтүстік-батыста 13-26 градусқа дейін, солтүстікте 17-27 градусқа дейін, солтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың орталығында, оңтүстік облыстарда температура айтарлықтай өзгермейді.