Демалыс күндері 40 градусқа дейін ыстық болады

Демалыс күндері 40 градусқа дейін ыстық болады
Сурет: Рaryz.kz

Еліміздің солтүстігінде күн суытады, оңтүстікте - аптап ыстық.

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 3-5 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында күн суытады.

Елдің оңтүстік жартысы құрғақ және ыстық ауа райы аймағында сақталады.

Батыста түнде +10...+18-ден +8...+16°С-қа дейін, күндіз +23...+31-ден +17...+25°С-қа дейін, солтүстік-батыста түнде +15...+23-тен +10...+18°С, күндіз +27...+35-тен +21...+28°С, республиканың солтүстігінде түнде +15...+23-тен +8...+16 °С-қа дейін, күндіз +25...+35-тен +17...+25°С-қа дейін, республика орталығында түнде +10...+22°С, күндіз +30...+38°С, республиканың шығысында ауа температурасы түнде +4...+15-тен +10...+18°С, күндіз +22...+27-ден +30...+38°С-қа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізгі фон температурасы түнде +15...+25°С, күндіз +30...+40°С.