ДДСҰ әлем халқын бетперде тағу режиміне оралуға шақырды

ДДСҰ әлем халқын бетперде тағу режиміне оралуға шақырды
Сурет: Rbc.ru

Тедрос Адханом Гебрейесус әлем тұрғындарын анти-ковидтік шараларға оралуға шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемдегі барлық елдің үкіметтерін бетперде тағу режимін қайтаруға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында COVID-19 қазір еркін тарап жатқаны және бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастағаны айтылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем тұрғындарын анти-ковидтік шараларға оралуға шақырды.

Оның айтуынша, коронавирустың Omicron штамының түрлері бүкіл әлемдегі жағдайлардың артуына, сәйкесінше тағы бір жаңа толқынның пайда болу ықтималдылығына түрткі болуда. Мұндайда ауруханалардың науқастарға толу, өлім-жітімнің көбею ықтималдылығы өте жоғары.