Дәстүрлі өнер дәріптелді

Дәстүрлі өнер дәріптелді
Сурет: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті баспасөз қызметі

Аматыда Тәуелсіздік күні маржан сөз ұстаған жыраулардың басы қосылды. 

«Діни жыр - термелер – Тәуелсіздік жаршысы» деп аталатын іс-шараға Нұр-Мүбарак университеті ұйытқы болған. Азаттық жолында шейіт болған боздақтар рухына құран бағышталып, ел ағасы Марат Тоқашбаев бата жасады. Университет проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ислам дінімен де тонның ішкі бауындай астасып жатқанына тоқталды. Ол сондай-ақ өз сөзінде «Қазіргі жаһандану кезеңінде жастарымыз өзге салаға ойысып, қазақ руханиятының осы бағыты әлсіреп барады. Соған қарамастан біз көп болып, өз дәстүрімізді, руханиятымызды, бабалардан мұра асыл қазынамызды қолдап, насихаттауымыз керек»,- деп атап өтті.

Мерекелік салтанатта Ақан Абдуали, Жәкен Омаров, Елмұра Жаңаберген, Жақсыбек Барлыбаев, Күнсұлу Түрікпен, Салтанат Тасболат, Марат Сүгірбай, Елбол Қуанбек, Аязбек Рүстемов дәстүрлі өнерден шашу шашты. Еліміздің өзге де өнерпаздары кештің сәнін кіргізді. Ал сөз зергерлерін бастап келген профессор Алмас Алматов ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.