Cубұрқаққа түсіп, мерт болды

Cубұрқаққа түсіп, мерт болды
Сурет: Elorda.info

Субұрқаққа 10 жасар бала батып кетті.

 Қайғылы жағдай Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы субұрқақта болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы ІІМ  баспасөз қызметі мәлім етті. Өкінішке қарай, полицейлер судан оның өлі денесін алып шықты.

24 шілде сағат 19:14 шамасында Қаратау АПБ 102 арнасына әкімдік ғимаратының алдында кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабар келіп түскен. 

«Оқиға орнына жедел тергеу тобының қызметкерлері барды. Белгілі болғандай, субұрқаққа шомылып жүрген 10 жасар бала абайсызда суға батып кетіп, мерт болғаны анықталды. Жасөспірімнің бойында ешқандай көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ. Кәмелетке толмаған баланың өлімін полицейлер Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді», - делінген хабарламада. 

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.