Covid-19: әлем жаңалықтары

Covid-19: әлем жаңалықтары
Сурет: 24.kz

Қазақстанда 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап жекелеген объектілердің қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді.

Черногория билігі 2 қаңтардан бастап вакциналанбаған және коронавируспен ауырмаған шетелдік азаматтардың елге кіруіне тыйым салады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

Бұл ретте вакцинаның екінші дозасын алған сәттен бастап алты айдан аспауы тиіс. Сондай-ақ, Черногорияға коронавирустан сауыққаннан кейін 10 күнге берілетін анықтамамен және ПТР тестінің оң нәтижесінен бастап 180 күннен аспайтын мерзімге берілген анықтамамен кіруге болады.

«Спутник Лайт» вакцинасын Тунистің Денсаулық сақтау министрлігі Сovid-19-дан әмбебап күшейткіш ретінде тіркеді, деп хабарлайды РТИҚ. Препарат күшейткіш ретінде «омикрон» штамына қарсы антиденелердің вирустық бейтараптандырғыш белсенділігін едәуір арттыратыны атап өтілді.

Әлем бойынша анықталған жағдайлардың тәуліктік өсімі рекордтық деңгейде қалып отыр, 1,7 миллионнан астам жағдай. Сонымен қатар күнделікті антирекордтар Франция, Ұлыбритания, Италия, Аргентина, Греция және Португалияда тіркелген.

АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі ауруханалардағы реанимация бөлімшелерінің толып жатқанын мәлімдеді. Қазір стационарлық емде 579 000 адам (елдің төсек қорының 77,25%) жатыр, оның 90,7 мыңы коронавирус инфекциясынан еиделуде. Джордж Вашингтон университетінің докторы Джеймс Филлипс: «Қазіргі күрделі жағдай жан сақтау бөлімдерінің жүктемесін бірнеше есеге арттырып отыр», - деді. Ол балалардың ауруханаға жатқызу көрсеткіші бүкіл пандемия кезіндегі ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Орта есеппен бір аптада ауруханаға тәулігіне 378 бала түсті.

Швейцария билігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясының ең жоғары деңгейінің тіркелгендігі туралы хабарлады. 19 032 Сovid-19 инфекциясын жұқтыру дерегі және 129 адамның ауруханаға түсуі пандемия басталғаннан бергі антирекорд. Федералды биліктің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде 23 адам қайтыс болды. Ауруханаларды толтыру деңгейі 75,9% құрайды. Сарапшылар Швейцарияда COVID-19 жағдайларын анықтаудың күрт өсуі рождестволық мерекелер кезеңімен байланысты болуы мүмкін дейді.