Біреудің Instagram парақшасы арқылы жұртты алдап, «баланың еміне» қаржы жинаған алаяқ ұсталды

Біреудің Instagram  парақшасы арқылы жұртты алдап, «баланың еміне» қаржы жинаған алаяқ ұсталды
Сурет: Rg.ru

Көкшетауда алаяқ тұрғынның Instagram парақшасында “баланы емдеуге” қаржы жинаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

3 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны жүгініп, оған тиесілі Instagram парақшасында бөгде адамның пайдаланғаны туралы хабарлады.

Ер адамның айтуынша, ол оқиға туралы туыстарынан білген, өйткені ол соңғы жылдары бұл парақшамен қолданбаған.

Алдын ала тергеу барысында алаяқтық мақсатта белгісіз тұлға бірнеше жыл бұрын жәбірленуші жасаған аккаунтты пайдаланып, онда жалған ақпарат жариялағаны анықталды.

Қаскүнем жәбірленушінің атынан қолданушыларға баланы емдеуге материалдық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген және параққа ақша аудару туралы өтінішпен жеке шоттың нөмірін орналастырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.