Бүкіл ел бойынша мұрағат қоймалары толған - министр

Бүкіл ел бойынша мұрағат қоймалары толған - министр
Сурет: Egemen.kz

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мұрағат саласындағы өзекті мәселеге тоқталды.

Оның айтуынша, елімізде 20-ға жуық мемлекеттік мұрағат ғимаратын салу қажет. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мұрағат саласындағы өзекті мәселе – бүкіл ел бойынша мұрағат қоймаларының толғаны. Мәселен, бүгінгі таңда 500 мың бірлікті сақтауға арналған 20-ға жуық мемлекеттік мұрағат ғимаратын салу қажеттілігі бар. Әрине, бұл бастама ведомствоаралық жұмыс пен үйлестіруді талап ететіні сөзсіз. Биылғы жылы негізгі міндет – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу», - деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, өткен жылы тарихи құжаттарды түгендеу мақсатында мамандар шет елдерден Қазақстанға 7 мыңнан астам құжат әкелінген.