Бүгін түскі саудада доллар бағасы қымбаттады

Бүгін түскі саудада доллар бағасы қымбаттады
Сурет: Zakon.kz

Тиісінше, мұнай бағасы аздап төмендеді.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа сараланған бағамы 3,44 теңгеге көтеріліп, 451,71 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 65,71 теңгені (+0,63) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 486,58 теңге, рубль – 5,82 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450-454 теңгеден, еуро 491-496 теңгеден, ресей рублі 5,7-6 теңгеден сатылуда.

31 наурызда мұнай аздап төмендеді. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 0,48%-ға, 78,22 долларды құрады, WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 0,32%-ға арзандап, 74,13 долларды құрады.