Бүгін доллар тағы көтерілді

Бүгін доллар тағы көтерілді
Сурет: интернеттен

Әлемдік мұнай бағасы сәл қымбаттады.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа бағамы бірден 3,21 теңгеге көтеріліп, 464,05 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 63,80 теңгені (+1,01) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,22 теңге, рубльді 4,89 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңге, еуро 499,5-504,5 теңге, ресей рублі 4,75-4,97 теңге аралығында сатылуда.

Ал, 28 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы сәл көтерілді.