Бүгін де елдің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Бүгін де елдің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 30-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Қазгидромет  деректері бойынша, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.