Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 8 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөзі

Сейсенбі күні 8 қалада ауа сапасы нашарлайды. Almaty-akshamy.kz бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

20 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен және Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі), Павлодар (1-дәрежелі) қалаларында күтіледі.
Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.