Бұдан былай ұшақта ұялы телефонды тасымалдауға рұқсат етілмейді

Бұдан былай ұшақта ұялы телефонды тасымалдауға рұқсат етілмейді
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Министрдің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерінде тасымалдау қағидаларындағы маңызды өзгерістер туралы хабарлайды.

Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында әуе кемелерінің бортында электрондық құрылғылар мен электрондық темекілерді тасымалдауға қойылатын талаптарға елеулі өзгерістер енгізілді. 

Мысалы, жаңа талаптар бойынша багажда литий немесе литий-ионды элементтері, сондай-ақ қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (планшеттер, сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.) тасымалдауға тыйым салынады.

Сонымен қатар багажда электрон темекі мен вейп тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Осыған байланысты жолаушылардан көрсетілген заттарды қол жүгінде тасымалдауын сұраймыз: 

ноутбуктер; 

ұялы телефондар; 

камералар; 

планшеттер; 

электрон темекі;

литий-ионды батареялары бар барлық электрон құрылғы;

қосалқы батареялар мен қуат банктері.