Алматыда Жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді
almaty-akshamy.kz

2023 жылы 13 қыркүйекте сағат 11:00 – де Алматы қаласында "Арбат" (Жібек Жолы-Панфилов) мекенжайында Жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігінің техникалық қолдауымен «Алматы қаласы еңбек мобильділігі орталығы» КММ ұйымдастырады.

Жәрмеңке өткізудің мақсаты - жастар мен оқу орындарының түлектері және жұмыс іздеушілер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Жәрмеңкеге өнеркәсіп, өндіріс, сауда желілері, тамақтану, медицина, фармацевтика, білім беру салаларынан жұмыс берушілер қатысады. 

Жәрмеңкеде жұмыс берушілер ізденушілермен кездеседі, ал ізденушілер қойылған талаптар мен бос жұмыс орындармен танысады. Өтініш берушілер  түйіндемені  жіберуге  және  сол  жерде алдын-ала сұхбаттасуға мүмкіндік алады.

Тіркеу уақыты сағат 9: 30-де.

Жұмыс берушілердің өтініштерін қабылдау үшін төмендегі поштаға almatyenbek@yandex.kz жіберуіңізді сұраймыз және осы +7 (701) 722-75-79. нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Толығырақ ақпарат алу үшін Алматы қаласы еңбек мобильділігі орталығына, Достық даңғылы, 85 мекенжайы бойынша хабарласу қажет.

Тел.: +7 (727) 310 47 82, электрондық пошта: info@cz-almaty.kz