Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты

Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты
Сурет: Egemen.kz

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстан командасы  ширек финалға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Азия чемпионатында Қазақстан атынан барған Айдос Кенжеғұлов, Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко,  Владислав Захаров, Зәуреш Ақашева, Ангелина Романовская, Анастасия Лаврова, Сарвиноз Мырқадырова сынға түседі.

Қыздарымыз  топтық кезеңде Бангладеш теннисшілерін 3:0, Непал командасын 3:0, Өзбекстан спортшыларын да 3:0 есебін ойсырата ұтты. Жігіттер де Азия чемпионатындағы тартыста табандылық танытты. Непал, Бангладеш, Қырғызстан командасын 3:0 нәтижесімен ұтқан жігіттер Тайланд командасын да 3:2 нәтижесімен еңсеріп, ширек финалға өтті.