Болат Назарбаев «Барыс» базарынан айырылды

Болат Назарбаев «Барыс» базарынан айырылды
Сурет: ашық дереккөз
Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Болат Назарбаевтың апелляциялық шағымы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz sputnik.kz сілтеме жасап. 
Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
«Сот ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу кезінде облыстық органның және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімі болмағанын анықтады. Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгертусіз қалдырды», - дейді облыстық сот.
Еске сала кетейік, Қарасай ауданында орналасқан аумағы 37 гектар болатын жер телімінеБолат Назарбаев иелік ететін. Ол жерде қазіргі күні "Барыс" базары орналасқан.