Алматыда пәтер алаяғы қолға түсті

Алматыда пәтер алаяғы қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

 22 жастағы жігіттің алаяқтық әрекетінен кем дегенде бес адам зардап шеккен.

Ол алдаудың қарапайым тізбегін ойлап тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«И.есімді азамат алдаудың қарапайым тізбегін ойлап тапқан. Жас жігіт бірнеше күнге пәтер жалдап, оны бірден суретке түсіріп, ұзақ уақытқа пәтерді жалға беретіні туралы интернетке хабарландыру жариялады. Әлеуетті клиенттерге мәміле жасамай, төлемді алдын ала бір айға ала отырып, пәтерді “жалға берген”. Осы қылмыстарды жасаған күдікті ұсталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның бес бірдей эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілер анықталып, қосымша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.