Кеше қанша адамнан коронавирус анықталғаны айтылды

Кеше қанша адамнан коронавирус анықталғаны айтылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыда 9 жағдай тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 жағдай тіркелді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде: Астана қаласында - 9, Алматы қаласында - 9, Ақмола облысында – 2, Абай облысында - 1, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында - 1, Ақмола облысында – 2, Қарағанды облысында – 2.
Сонымен қатар өткен тәулікте 32 адам коронавирус инфекциясынан жазылды. Олардың ішінде Астана қаласында - 7, Алматы қаласында - 12, Ақмола облысында - 5, Қарағанды облысында - 4, Ұлытау облысында - 3, Павлодар облысында - 1 адам емделді.

Жалпы статистика бойынша 1 378 888 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Еске салсақ, 2 қазандағы мәлімет бойынша 43 адамнан коронавирус инфекциясы табылған еді.