Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Akorda kz

Іс-шарада, ең алдымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі сын-қатерлер талқыланды, ұлттық жобаларды әзірлеу мәселесі  қарастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. 

«Қолжетімді интернет» жаңа ұлттық жобасы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндады. Мемлекет басшысы министрдің баяндамасын тыңдап, аталған ұлттық жоба халықты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету керек екенін баса айтты.  

Бұдан бөлек, жиында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту мәселесі талқыланды. Бұл мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламаны тиімді іске асыру және отандық өнімдерді кеңінен қолдану аса маңызды екенін атап өтті.