Жастығымыздың, ең әдемі естеліктеріміздің қаласы - Қарагөз Сүлейменова

Жастығымыздың, ең әдемі естеліктеріміздің қаласы - Қарагөз Сүлейменова
Cурет: Кznews.kz

Ұлылардың, өнердің, мәдениеттің ордасы.

Қала күні естеліктер мен Алматыға айтылған жылы лебіздер толастар емес. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова да өзінің жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қарагөз Сүлейменова Алматы жастығының, әдемі естеліктерінің куәсі екенін бөлісті.

«Жастығымыздың, ең әдемі естеліктеріміздің қаласы», - деді ол.

Алматының табиғатын ерекше жақсы көретінін, осында өсіп-өніп жатқанын қуанышпен жеткізді.

«Алматымызда өсіп-өніп, балаларымыз, немерелеріміз ғұмыр кешіп жатыр. Әсем табиғаты, мейірімді халқы, ғажайып атмосферасы бар сұлу қала! Ұлылардың, өнердің, мәдениеттің ордасы. Туған қаламыздың мерекесі құтты болсын, алматылықтар», - деп жазды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері инстаграмдағы өзінің парақшасында.