Юрий Аравин, музыкатанушы: Өмірім Алматымен байланысты

Юрий Аравин, музыкатанушы: Өмірім Алматымен байланысты
Cурет: Toppress.kz

Қалаға қатысты барлық нәрсе мен үшін қымбат және жақын.

Алматыда бүгін аталып жатқан Қала күнінде түрлі сала мамандары өз тілектерін арнауда. Музыкатанушы Юрий Аравин де құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ол өзінің бүкіл өмірі Алматымен байланысты екенін айтты.

«Менің бүкіл өмірім Алматымен байланысты. Біздің қалаға қатысты барлық нәрсе мен үшін  қымбат және жақын десем болады. Мен «Алматы қаласының Құрметті азаматы» сияқты беделді марапатқа ұсынылғаныма қуаныштымын. Алматы - еліміздің ең әдемі қаласы, мен осында құрметті адаммын, ол мен үшін қымбат. Менің күш-жігерімді және қаламыздың дамуына қосқан үлесімді бағалаған барлық адамдарға алғысымды айтамын», - деді Ю.Аравин.

Музыкатанушы қаланың кеңеюін және жылдан жылға өмір жақсаруда екенін айтып өтті.

«Мен үшін Алматы тек қала орталығымен ғана шектелмейді, мегаполис кеңеюде және бұл керемет дүние. Халық саны өсуде, жаңа шағын аудандар құрылуда, жылдан жылға өмір жақсаруда. Алматы - біздің тауларымыз, онда мен өмірімнің жартысын өткіздім. Тау шыңдары мен асулармен таныс адамдар түсінеді. Барлық алматылықтарды, қымбатты отандастарымды, қала күнімен  құттықтай отырып, денсаулық және одан әрі өркендеу тілеймін!», - деді профессор.