Бокстан жастар арасында АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді

Бокстан жастар арасында АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
Сурет: Ашық дереккөз

Ол бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловтан айласын асырған еді

Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ересектер арасында әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 57 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Акмал Мухаммедпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта-ақ Махмуд қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде төреші тағы есеп ашқаннан кейін техникалық нокаут тіркелді.

Сөйтіп, Махмуд Сабырхан да жартылай финалға жолдама алды. Ол бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловтан айласын асырған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшының жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық жартылай финалға шықты.