Бізде өзгеріс деуге болады

Бізде өзгеріс деуге болады
Сурет: Akorda.kz

Ғылым саласы кенжелеп қалды. Бүгінгі таңда бұл салаға көп көңіл бөлінуде. Оның айғағы - бүгінгі Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы. Осы шараға қатысқан ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Ақылбек Күрішбаев өз ойымен бөлісті.

«Мен ойлаймын бұл кеңес - жақсы тәжірибие. АҚШ-та, Сингапурда Президент жанында осындай кеңестер бар. Осы Кеңестің арқасында Мемлекет басшысына тікелей ұсынысымызды айтатын боламыз. Ғылым, білімге қатысты реформалар болса, меніңше, бұл сала тиісті деңгейге жететін болады», - деді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры  Ақылбек Күрішбаев.

Мемлекет басшысы ғылым саласы мамандарына арнайы тапсырмалар беріп, ғылым саласына өзгеріс жасау керектігін айтты.

«Бізде өзгеріс деуге болады. Ғылымда өзіндік приоритеттік бағыттары болады. Аграрлық ғылымда. Соны дамытуымыз керек. Бүгін Мемлекет басшысы нақты тапсырмаларды қойды, - дейді А.Күрішбаев.