Алматыда жалған түбіртекпен телефон сатып алған адам ұсталды

Алматыда жалған түбіртекпен телефон сатып алған адам ұсталды
Сурет: ZNBM.ru

Ол сайтқа ұялы телефон сатып алу туралы хабарландырулар шығарған.

Алмада 33 жастағы ер адам жалған төлем түбіртектерімен телефондарды сатып алған, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полицейлер Алматының кемінде үш тұрғынын алдап кеткен 33 жастағы ер адамды ұстады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Т.есімді азамат сайтқа ұялы телефондарды сатып алу туралы хабарландырулар орналастырды. Әлеуетті клиентпен кездесуде ол банктің қолдан жасалған түбіртегін көрсетіп, ақшаның бір тәулік ішінде түсетініне сендіріп, тауарды алып, белгісіз бағытқа жасырынған.

Ө

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір тергеушілер алаяқтық бойынша 3 деректі анықтады. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Алаяқтық) сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Күдікті бұрын осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Қазір күдіктінің қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Осыған байланысты полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың суретін мұқият қарап шығуларыңызды сұрайды. Оның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.