Бүгін - Дүниежүзілік қол жуу күні

Бүгін - Дүниежүзілік қол жуу күні
www.inform.kz

2008 жылдан бері 15 қазанда Дүниежүзілік таза қол күні (Global Handwashing Day) аталып өтіледі. Бұл шара БҰҰ Бас ассамблеясы ЮНИСЕФ балалар қорымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша өткізіліп келеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына сілтеме жасап.

Бұл күн қол жуудың денсаулыққа әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға арналған. Дүниежүзілік таза қол күні жеке гигиена негіздеріне арналған. Оның басты мақсаты - үйде де, одан тыс жерлерде де қолды жууды дағдылы әрекетке айналдыру.

Адам алақанымен бетін жауып түшкіреді немесе жөтеледі, содан кейін ол қолымен есік тұтқасынан немесе көліктегі тұтқаны ұстайды, кейін тура сол тұтқаны сізді ұстайсыз. Вирустар мен бактериялардың бәрі сіздің қолыңызда қалады. Бұл жағдайдың өзі қорқынышты емес. Мәселен, біз бейсаналы түрде бетімізді қолымызбен ұстаймыз, зерттеуге сәйкес, орташа есеппен сағатына 23 рет, яғни күніне жүздеген рет ұстайды екенбіз. Әрбір осындай жанасу арқылы ағзаға ауыздың, мұрынның және көздің шырышты қабаттары арқылы инфекцияның кіру қаупі бар. Егер сіз қолыңызды үнемі жусаңыз, қауіп айтарлықтай төмендейді.

Антисептиктер, майлықтар, гельдер және құрамында спирті бар басқа дезинфекциялық заттар пайдалы болуы мүмкін, бірақ қарапайым сабынмен ештеңені салыстыруға болмайды. Сабын мен судың үйлесімі жұқпалы ауруларға, соның ішінде коронавирусқа қарсы ең күшті қарудың бірі болып қала береді. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қолды жуу мүмкін болмаса, антисептикті сабынға балама ретінде ғана қолдануды ұсынады.

Қолды кем дегенде 20 секунд жуу қажет. Алақанның сыртына, сондай-ақ саусақтардың арасына назар аудару керек. Қолды жуғанда тырнақтарға аса мән беріңіз - олардың астында үнемі патологиялық микроорганизмдер жиналады.

- Қолды тамақ пісірер алдында және дастарқан дайындамас бұрын;

- тамақтанар алдында;

- көшеден келгенде немесе қоқыс шығарғанда;

- қоғамдық орындардан үйге оралғанда немесе қоғамдық көлікте жүргеннен кейін;

- дәретханаға барғаннан кейін;

- жараны емдеуден бұрын және кейін;

- үй жануарларымен ойнағаннан кейін және т. б. жуу керек.

Бұл диарея ауруының деңгейін 40 пайыздан астам, ал тыныс жолдарының инфекциясын 25 пайызға дейін төмендетеді.