Жаңа құрылған облыстардан Сенат депутаттарын сайлау басталды

Жаңа құрылған облыстардан Сенат депутаттарын сайлау басталды
Сурет: Vlast.kz

Сенаттағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.

Бүгін Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сенат депутаттарын таңдаушылар – мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматтары - жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Парламент Сенаты депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталады.

Таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де (елорда уақытымен) басталды. Әр облыстан екі депутат сайланады.

Сенаттағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.

Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаты енгізілген.