Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек - Мемлекет басшысы

Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек - Мемлекет басшысы
almaty-akshamy.kz

2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты 

«Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек. Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз», - деп тапсырма жүктеді Президент.

Мемлекет басшысы электр қуаты, жылу және су тұрмысқа аса қажетті игіліктер екенін айта келе, оны үнемдеп пайдалануға шақырды.