Биткойнның бағасы өсті

Биткойнның бағасы өсті
сурет:forbes.com

Бір Bitcoin құны 21 мың долларға жетті.

Bitcoin бір апта ішінде шамамен 24%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап. 

Қазір бір Bitcoin құны 21 мың долларға жетті. Кейінгі бірнеше күнде АҚШ-тың қор нарығында бағалар айтарлықтай жоғарылады. Сөйтіп, соңғы бірнеше күн қатарынан цифрлық валюта шарықтады. Криптовалюта нарығындағылар өсімді қалт жібермей бақылап отыр. Жалпы, өткен тәулікте криптонарық 7,68%-ға өсіп, 1 триллион капиталдандыру белгісіне жақындады.