Биыл жолдарды ағымдағы жөндеуге 500 млн. теңге қарастырылған

Биыл жолдарды ағымдағы жөндеуге 500 млн. теңге қарастырылған
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі - Жолдарды ағымдағы жөндеу қолайлы ауа райы жағдайлары белгіленген кезде басталады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

"Сәуір айында біз санитарлық тазалау мен абаттандыруды бастаймыз, ал ауа-райы қолайлы болған кезде біз жолдарды жөндеуге кірісеміз. Асфальтбетон зауытын біз  ерте іске қостық. Биыл жолдарды ағымдағы жөндеуге ғана 500 млн. теңге қарастырылған", - деді Ерболат Досаев.