Алматы полицейлері өмірмен қоштаспақ болған әйелді құтқарып қалды

Алматы полицейлері өмірмен қоштаспақ болған әйелді құтқарып қалды Сурет: Тurkystan.kz

Әйел көпірден секіргісі келген.


Алматы полицейлері өмірмен қоштаспақ болған әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Өтіп бара жатқан адамдар дабыл қақты. Олар таңертең «102» пультіне қоңырау шалды. Дабыл белгісіне бірінші болып «Буран-183» патрульдік экипажы әрекет етті. Оның құрамында патрульдік полиция полкінің инспекторлары Нұрлан Қыдырбай мен Наурыз Дәнекеев болды.



«Сағат 06:57-де көпірден адамның секірейін деп тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткенде, дерек расталды. Қыздың көпірден секіргісі келіп тұрғанын көрдік. Біз оның қолынан ұстап алдық. Ол шок күйінде болды. Алайда кейінірек пойызды күтіп тұрғанын түсіндірді: ол пойыздың астына секіріп, өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылды»,  деді Наурыз Дәнекеев.



Жетісу аудандық полиция басқармасында есін жиған әйел отбасындағы келіспеушіліктің салдарынан өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Оған психологиялық көмек көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет