Жетісу ауданындағы 3 автобус бағытында жылжымалы құрам толығымен жаңартылады

Жетісу ауданындағы 3 автобус бағытында жылжымалы құрам толығымен жаңартылады
almaty-akshamy.kz

Алматының Жетісу ауданында 65 автобус наурыз айының соңына дейін жаңасына ауыстырылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде баяндама жасап, аудандағы жол-көлік инфрақұрылымындағы  дамудың  оң динамикасын атап өтті. 

Оның айтуынша, 2023 жылы тұрғындардың өтініші бойынша автобус маршруттарының бір бөлігі түзетіліп, ұзартылды, сондай – ақ қараша айында  метроның  "Райымбек батыр" станциясынан Алматы облысының Іле ауданындағы "Gate City" ТК-не дейін қатынайтын интервал аралығы 8 минуттық жаңа №89 қалалық бағыт іске қосылды. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша 12 маршрут жолаушылардың жайлылығы үшін қосымша жылжымалы бірліктермен – 51 автобуспен күшейтілді және 11 маршрутта 131 автобус толығымен жаңартылды. 

"Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін 3 маршрутта жайлылықты арттыру үшін 65 жаңа автобус есебінен жылжымалы құрамды толығымен жаңарту жоспарлануда", – деп нақтылады  сөзін Ерболат Досаев.