«Айнабұлақта» жаңа балабақша ашылады

«Айнабұлақта» жаңа балабақша ашылады
almaty-akshamy.kz

2024 жылы Алматының Жетісу ауданында мектепке 500 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталады

Бұл туралы Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Қала басшысы былтыр оқушы орындарының тапшылығын одан әрі азайту үшін «Құлагер» шағын ауданындағы №148 мектеп-гимназиясына қосымша құрылыс салынғанын, №80 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

«2024 жылы №103 мектепке 200 орындық, №112 мектепке 300 орындық қосымша құрылыстарды аяқтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады», - деді Ерболат Досаев. 

Сонымен қатар, осы жылдың мамыр айында «Айнабұлақ» шағын ауданында 160 орындық балабақша ашу жоспарланғана. Құрылыс аяқталды, ғимарат алғашқы келушілерді қабылдауға дайындалып жатыр. 

2024-2025 жаңа оқу жылының басталуымен Жетісу ауданында 2 қосымша мектеп автобусы қатынай бастайды. Жоба былтыр балалардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске қосылды: қазір Жетісу ауданына 6 мектептен балаларды тасымалдайтын 23 автобус қызмет көрсетеді.