Биыл Алматының Жетісу ауданында 27 көшені жөндеу жоспарланған

Биыл Алматының Жетісу ауданында 27 көшені жөндеу жоспарланған
almaty-akshamy.kz

Жетісу ауданында ұзындығы 21 км асатын көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7 көшеде тротуарлар жасалады, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен есептік кездесу барысында. 

Оның айтуынша, былтыр 21,8 км 17 көше жолдарына орташа жөндеу жүргізіліп, 10 көшеге ұзындығы 2,7 км тротуарлар салынған. 

«Сонымен қатар өткен жылы 5000 ш.м. техникалық тротуарлар салумен жалпы ауданы 
30,5 мың шаршы метр жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2024 жылы ауданы 35 мың ш.м. жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы.