Серік НҰРМҰРАТОВ, Философия орталығының басшысы: Сайлау бірқалыпты өтті

Серік НҰРМҰРАТОВ, Философия орталығының басшысы: Сайлау бірқалыпты өтті
almaty-akshamy.kz

Бұл жолғы сайлау халықтың қатысуымен бірқалыпты өтті десек болады. Бұрын құтты мереке болатын. Осы жолы да дәстүр сабақтасты. Айрықша бір нәрсені түртіп өткім келеді. Бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» деген пункт екінші орында тұруының өз жөні бар. Себебі, шындыққа тура қарар болсақ, үміткерлеріміз аса бел шешіп кіріспеді. Тіпті, екінші орынға көтеріле алмады. Олар халыққа кеңінен белгілі болмады. Оның да әсері аз емес. Дәп осындай шақта 90–100 % сайлаушылар неге сайлау учаскесінен табылмады деген сауал көптің көкейінде қалды. Дегенмен, алдыңғымен салыстырғанда 3%-ға дүмпу аңғарылады.

Президент сайлауында партиялар белсенділіктерін көрсетіп жарытпады. Өздерінің ішінен шыққан лайықты адамдарын дүбірлі додаға салмады. Алайда, жұртшылықтың 70%-ке жуығы өз таңдауларын жасады. Мұның өзі тәп-тәуір көрсеткіш. Бұл қатып қалған шама емес. Келешектегі келетін сайлауларды есепке алсақ, әлі талай дүние болғалы тұр. Әлі 80–90 %-ға баруы мүмкін. Ол күн де алыс емес.

Тыныштық пен бейбітшілік орнаған заман болсын!