Алматыда жылу желілері сынақтан өткізіледі

Алматыда жылу желілері сынақтан өткізіледі
Сурет: Time.kz

Қалалықтарға жылу желілері орналасқан жерлерге көліктерін қоймау ұсынылады

Қаланың 8 ауданының аумағында жылу желілеріне сынақ жүргізіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап. Алматы жылу жүйесінің ақпараты бойынша, 31 тамыз-17 қыркүйек аралығында жылу жүйелеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Осы аралықта қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтап, жылу жүйелері жүргізілген жерлерге автокөліктерін қоймауға кеңес беріледі. 

Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау мақсатында жылу желілерінің жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін гидравликалық сынақ жүргізіледі.

Алматы жылу жүйелері қауіпсіздік шараларының сақталатынына қарамастан, жердің бетіне су немесе будың шығуы, жол жабынының бұзылуы сияқты штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкіндігін ескертеді. 

Аталған жұмыстардың нақты қай аудандарда және қай күндері жүргізілетінін мына жерден оқуға болады.