Биыл «Мамыр-1» шағын ауданында жаңа амбулатория ашылды

Биыл «Мамыр-1» шағын ауданында жаңа амбулатория ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әкімдік денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша белсенді шаралар қабылдауда.

Мұнда №18 емхананың шамадан тыс жүктелуі проблемалық мәселе болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оны шешу үшін осы жылдың 5 тамызында «Мамыр-1» шағын ауданында ауысымына 200 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды.

Биылғы жылдың қазан айында «Қуаныш» шағын ауданында ауысымында 300 адам қабылдайтын №18 емхананың жаңа ғимаратын салу үшін жер учаскесін сатып алу аяқталады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2024 жылға жоспарланған.

      Анықтама үшін: 2023 жылғы 24 тамызда жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы сомасы көрсетілген сатып алу-сату шартының жобасымен танысу үшін хабарлама жіберілді (428 млн. тг.). 2023 жылғы 15 қыркүйекке  дейін меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін сатып алуға келісім беруі  немесе  онымен келіспеуі қажет. Келіскен жағдайда жер учаскесін сатып алу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының таяудағы отырысына енгізілетін болады. Жер учаскесін сатып алуға келіспеген жағдайда Жер қатынастары басқармасы жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыз жіберетін болады. Қарау мерзімі 3-6 ай.